Жиі қойылатын сұрақтар

Izbasar бағдарламасының іріктеу байқауына қатысуға қандай құжаттар ұсыну керек?
Izbasar бағдарламасында тіркелу үшін, жеке куәлік және бакалавриат немесе магистратура бағдарламасын бітіргені туралы диплом png, jpg, pdf нұсқада қажет.
Izbasar бағдарламасына қатысуда жас мөлшеріне байланысты шектеулер бар ма?
Жас мөлшеріне қарай шектеу жоқ. Бірақ, қатысушылар бакалавриат және магистратура бағдарламасын бітірген жылын дипломмен растауы керек. Бағдарламаға қатысуға 2019, 2020 және 2021 жылғы бакалавриат немесе магистратура түлектері өтініш бере алады.
Izbasar бағдарламасының қатысушыларына қандай талаптар қойылады?
• Қазақстан Республикасының азаматы болуы
• Географиялық мобильдік
• 2019, 2020, 2021 жылдардағы бакалавриат немесе магистратура бағдарламаларының түлегі болуы.
Бағдарламаға қандай мамандық түлектері қатыса алады?
Бакалавриаттың басым білім бағдарламалары:
• Экономика
• Қаржы
• Математикалық және компьютерлік үлгілеу
• Экология
• Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
• Органикалық заттардың химиялық технологиясы
• Ақпарат жүйелері
• Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама
• Ақпарат қауіпсіздігі жүйелері
• Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
• Автоматтандыру және басқару
• Аспап жасау
• Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
• Техникалық физика
• Жылу энергетикасы
• Электр энергетика
• Ядролық физика
• Машина құрылысы
• Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
• Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)
• Тау-кен ісі
• Пайдалы қазбаларды байыту
• Металлургия
• Геология және пайдалы қазбалар көзін барлау
• Геодезия және картография
• Жерге орналастыру

Магистратураның басым білім бағдарламалары:
• Жобалау менеджменті
• Гидрогеология және инженерлік геология
• Қолданбалы және инженерлік физика
• Математикалық және компьютерлік үлгілеу
• Software Engineering
• Machine learning and Data Science
• Management of Information Systems
• Ақпарат қауіпсіздігін жан-жақты қамсыздандыру
• Автоматтандыру және роботтандыру
• Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
• Мұнай-газ жән кен геофизикасы
• Химиялық үдерістер және химиялық материалдар өндірісі
• Машиналар мен жабдықтардың цифрлы инженериясы
• Машина құрылысы өндірісін цифрландыру
• Электр техникасы және энергетика
• Автоматтандыру және металлургиялық үдерістерді цифрландыру
• Тау-кен инженериясы
• Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту
• Геология және пайдалы қазбалар көзін барлау
• Геокеңістіктің цифрлы инженериясы
• Инженерлік жүйелер мен желілер
Өтінім қай тілде толтырылуы тиіс?
Өтінім үміткердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде толтырыла алады.
Izbasar бағдарламасына өтініш беру мерзімі қашан аяқталады?
Өтініш беру мерзімі 2021 жылғы 12 сәуір мен 17 мамыр аралығы. Өтініш www.izbasar.kazatomprom.kz сайтының «Тіркелу» бөлімінде қабылданады. 2021 жылғы 17 мамырдан кейін келіп түскен, байқауға қатысу өтініштері қаралмайды.
Егер өтініш қабылданып жатқан кезеңде, мен Қазақстанда болмасам, құжаттарымды қалай тапсырамын?
Өтініштер www.izbasar.kazatomprom.kz сайтында онлайн қабылданады. Бағдарламаға қатысуға өтініш беру үшін және іріктеу байқауының 1-кезеңіне қатысу үшін, Қазақстан аумағында болуыңыз шарт емес.
Іріктеу кезеңдері қандай форматта өтеді?
Өтінімдерді қабылдау онлайн түрде www.izbasar.kazatomprom.kz сайтында өтінім беру арқылы жүзеге асырылады Қалған барлық кезеңдерді өткізу конкурстық іріктеу өткізу сәтіндегі Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты талаптарға сәйкес бетпе-бет түрде өтеді деп жоспарланып отыр.
Бағдарламаға іріктеу қалай жүргізіледі?
Конкурстық іріктеу 5 кезеңнен тұрады. Бұл: Қатысуға өтінім-2021 жылғы 12 сәуір мен 17 мамыр аралығында
I-бизнес-кейстің шешімі-2021 жылғы 17 мамырдан 27 мамырға дейін II – сандық және вербалды ақпаратты талдау қабілетіне, сондай-ақ ағылшын тілін білуге арналған тесттер-2021 жылғы 4 маусымнан 17 маусымға дейін III - топтық жаттығу-2021 жылғы 24 маусымнан 8 шілдеге дейін IV-құзыреттіліктер бойынша сұхбат және рөлдік ойын-2021 жылғы 15 шілдеден 29 шілдеге дейін V-жеке мотивациялық сауалнама, мотивациялық эссе және панельдік сұхбат - 2021 жылғы 3-13 тамыз аралығында
Басқа елдерден үміткерлер конкурстық іріктеуге қатыса ала ма?
2019, 2020 және 2021 жылдардағы бакалавриат және магистратура түлектері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады.
Мен осы немесе басқа кезеңнен өткенімді қалай білемін?
Әр кезеңнің нәтижелері www.izbasar.kazatomprom.kz сайтында барлық кезеңдердің кестесіне сәйкес жарияланады. Сайт парақшасын және Facebook және Instagram @IzbasarProgram әлеуметтік желілеріндегі жарияланымдарды қадағалап отырыңыздар.
Бағдарлама қатысушыларының қандай шығындары өтеледі?
Бағдарлама финалистеріне ай сайынғы жалақы төленеді, өтетін жерге дейінгі жолақысы мен тұрғылықты шығындары төленеді.
Бағдарлама финалистері айналымнан өту үшін қай өңірлерге жіберілуі мүмкін?
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ Компаниясы Қазақстанның бірқатар өңірінде, соның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен қалалары мен Ақмола, Түркстан және Қызылорда облыстарында орналасқан.