Бағдарлама туралы

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Іzbasar жас мамандарды дамыту бағдарламасы 2020 жылы "Самұрық-Қазына" АҚ негізін қалаған "Жас Өркен" жобасы аясында жоғары оқу орындарының үздік және талантты түлектерін тарту және оларды кейіннен Қор компанияларында жұмысқа орналастыру үшін құрылды.

Бағдарламаның мақсаты:

жас мамандарды кәсіби дамыту

«Izbasar» бағдарламасы дегеніміз:

Жұмыс істей жүріп оқу. Бағдарлама "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ компаниялар тобында 5 айдан тұратын 3 ротацияны қамтиды;
Жеке-іскерлік және кәсіби құзыреттерді дамыту жөніндегі сарапшылардан ротация аралық білім алу;
Атом саласының тәжірибелі басшылары мен үздік сарапшылары қатарынан жеке тәлімгерлермен жұмыс істеу;
Бағдарлама кезінде жол жүру және тұру ақысын қоса алғанда, ротация шеңберінде ақы төленетін тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
Сәтті өткен жағдайда жұмысқа орналасу.

2021 жылғы бағдарламаға үміткерлерді қабылдау

12 сәуір мен 18 мамыр аралығында өтеді

Іріктеу кезеңдері және қатысушыларға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат осы жерде берілген