Конкурстық іріктеу

01
Қатысуға өтініш беру
2021 жылғы 12 сәуір мен 17 мамыр аралығында

Бизнес-кейс - бұл кезеңде үміткер онлайн-режимде ситуациялық, экономикалық, әлеуметтік және бизнес-оқиғаларды шешеді. Бұл бағалау құралы үміткердің ауқымды деректер көлемімен жұмыс істеу қабілетін анықтауға, стильді таңдау және ойлау жылдамдығын бағалауға, негізгі мәселелерді қосалқы мәселелерден ажырата алу қабілетін және белгілі бір салада жұмыс істеу дағдысын, сондай-ақ тосын шешім қабылдау мүмкіндіктерін анықтауға арналған.

Бизнес-кейсті шешу - 2021 жылғы 17 мамырдан 27 мамырға дейін

02
Қабілеттерді бағалауға және ағылшын тілін білуге арналған тесттер
2021 жылғы 4 маусымнан 17 маусымға дейін

Бұл кезеңде үміткерлерге жұмыс істеу қабілетін бағалау үшін 2 тест тапсыру ұсынылады:

  • Сандық ақпарат
  • Вербалды ақпарат

«Сандық ақпаратты талдау» тесті - үміткердің күрделі сандық, кестелік және графикалық ақпаратпен тиімді жұмыс істеу, барлық құрамдас факторларды жүйелі талдау және жалғыз дұрыс шешім табу қабілетін бағалауға бағытталған.

«Вербалды ақпаратты талдау» тесті - үміткердің күрделі мәтіндік ақпаратты талдау, себеп-салдар байланыстарын анықтау және оқылғанның негізінде дұрыс логикалық қорытынды жасау қабілетін бағалауға бағытталған.

Ағылшын тілін білу тесті - тілдің базалық білімін үш салада бағалауға мүмкіндік береді: грамматика, сөздік қоры және оқу.

03
Топтық жаттығу
2021 жылғы 24 маусымнан 8 шілдеге дейін

Топтық жаттығу - барысында топтағы мәселені бірлесіп шешу жағдайы құрастырылады. Топ 4-тен 8 адамға дейінгі болуы мүмкін. Байқауға болатын құзыреттілікке байланысты бөлінген (әр үміткер жеке нұсқаулық алады) немесе бөлінбеген рөлдермен жаттығулар қолданылады (барлық қатысушылар үшін нұсқаулар бірдей).
Бұл әдіс адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, ортақ мақсатқа жету үшін өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, өз ұстанымдарын қорғау және бірлескен алқалы шешімдер қабылдау қабілеттерін анықтау және бағалау үшін қолданылады.

04
Құзыреттіліктер бойынша сұхбат және рөлдік ойын
2021 жылғы 15 шілдеден 29 шілдеге дейін

Құзыреттіліктер бойынша сұхбат - үміткердің әртүрлі жағдайға қарай нақты мінез-құлқын толық талдап, нақты тәжіибесін бағалауға бағытталған. Ашық қойылатын сұрақтар әдетте толық жауап алуды көздейді және көп жағдайда «Есіңізде ме ...», «... мына жағдайда не істегеніңізді айтып беріңізші» және т.с.с. сөздермен басталады.

Рөлдік ойын - жағдайды имитациялау үшін қолданылып, үміткерге мақсатына жету үшін жеке әңгімелесуді қажет етеді.Имитациялық жағдайларға байланысты, рөлдік ойын барысында үміткер өзара әрекеттесе алады:

  • Қарамағындағы адамдармен
  • Әріптесімен
  • Клиентпен
05
Жеке және мотивациялық сауалнама, мотивациялық эссе және панельдік сұхбат
2021 жылғы 3 тамыздан 13 тамызға дейін

Жеке сауалнама күнделікті жұмыс іс-әрекетінде адамның әдеттегі немесе таңдаулы мінез-құлқын қалыптастыратын жеке қасиеттерді бағалауға арналған.

Мотивациялық сауалнама қызметкердің жұмыстағы мотивациясына әсер ететін және оны өз міндеттерін орындау үшін барынша күш салуға итермелейтін факторларды анықтауға арналған.

Мотивациялық эссе - бұл еркін нысандағы хат. Үміткер келесі тармақтар туралы айта алады:

  • бағдарламаға қатысудың нақты себептері;
  • басқа үміткерлермен салыстырғанда бәсекелестік артықшылықтары;
  • бағдарламаны өту кезінде қол жеткізуге болатын мақсаттар және оларға қол жеткізу үшін өзінен не талап етеді;
  • мектептегі немесе жоғары оқу орнындағы, еңбек және/немесе қоғамдық қызметтегі жеке жетістіктері;
  • және басқа.

Тапсырма - басқа үміткерлер арасынан тек сізді таңдауға қабылдау комиссиясының көзін жеткізу.

Панельдік сұхбат - бұл бір кандидат пен байқау комиссиясы мүшелері қатысатын сұхбат.

Байқау комиссиясы - байқауды өткізу шарттарына сай жеңімпаздарды анықтайтын алқалық орган.

Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • 01Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • 02Географиялық тұрғыдан мобильді
  • 032019, 2020, 2021 жылдардағы бакалавриат немесе магистратура бағдарламаларының түлегі.

Басымдықта қаралатын білім алу бағдарламалары:

  • Экономика
  • Қаржы
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Экология
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Автоматтандыру және басқару
  • Аспап жасау
  • Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
  • Техникалық физика
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Ядролық физика
  • Машина жасау
  • Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
  • Тау-кен ісі
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Металлургия
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
  • Геодезия және картография
  • Жерге орналастыру
  • Жобалық менеджмент
  • Гидрогеология және инженерлік геология
  • Қолданбалы және инженерлік физика
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Software Engineering
  • Machine learning and Data Science
  • Management of Information Systems
  • Ақпараттық қауіпсіздікті кешенді қамтамасыз ету
  • Автоматтандыру және роботтандыру
  • Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
  • Мұнай-газ және кен геофизикасы
  • Химиялық процестер және химиялық материалдар өндірісі
  • Машиналар мен жабдықтардың цифрлы инженериясы
  • Машина жасау өндірісін цифрландыру
  • Электротехника және энергетика
  • Металлургиялық процестерді автоматтандыру және цифрландыру
  • Тау-кен инженериясы
  • Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
  • Геокеңістіктік цифрлы  инженерия
  • Инженерлік жүйелер мен желілер

Бағдарламаға қатысу үшін әскери, медициналық, педагогикалық, музыкалық театр өнері факультеттерінің, сондай-ақ спорт және дене шынықтыру саласындағы мамандықтар қарастырылмайды.