Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары "Семізбай-U" ЖШС
Бердіғұлов Алмат
Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары "Семізбай-U" ЖШС
"Семізбай-U" ЖШС 2007 жылдан бастап жұмыс істейді және Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымында серіктестіктің өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға, оның өзіндік құнын төмендетуге, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етуге, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының ең аз шығындары кезінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған қаржы-экономикалық қызметін үйлестіреді және бақылайды.
Алмат Құдайбергенұлы 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша бітірді, 2012 жылы "СІМА-бизнестің тиімділігін басқару" Халықаралық дипломын алды, 2015 жылы "Іскерлік әкімшілендіру докторы" (DBA) академиялық дәрежесін алу үшін Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы (РХШжМҚА) жанындағы Корпоративтік басқару Жоғары мектебінің дипломын қорғап шықты, 2018 жылы "Іскерлік әкімшілендіру докторы" (DBA) дәрежесін алып, European University (Швейцария) дипломын қорғады.
Әр жылдары есеп және информатика бөлімінің бастығы, ақпараттық технологиялар және талдау бөлімінің бастығы, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, қаржы директоры, жоспарлау-экономикалық департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Жалпы еңбек өтілі 25 жыл.
Ұйымның өндірістік стратегиясын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді. Өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыс жүргізеді. Серіктестіктің кадр саясатын анықтайды.
Алматы энергетика және байланыс институтын "Электржетек және салалар бойынша технологиялық кешендерді автоматтандыру" мамандығы бойынша, сондай-ақ Алматы Энергетика және байланыс институтын бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ филиалы № 6 кен басқармасының желілер мен қосалқы станциялар учаскесінің ЭТЖ шебері болып бастады.
"Шиелі-Энергосервис" ЖШС өндірістік бөлімінің бастығы, директоры болып жұмыс істеді. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ еншілес кәсіпорындарындағы "Қызылқұм" ЖШС өндірістік - техникалық басқармасының бас энергетигі. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ менеджері, механика бөлімінің бастығы, өндірістік департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 2019 жылғы ақпаннан бастап 2020 жылғы мамырға дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ еншілес кәсіпорны "Уранэнерго" ЖШС бас директоры болды.
2020 жылдың маусымынан бастап "РУ-6" ЖШС бас директоры болып тағайындалды.
Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары "Семізбай-U" ЖШС
Қалмұқамбетов Айдос
Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары "Семізбай-U" ЖШС
Серіктестіктің өндіріс, геологиялық барлау және геологиялық іздеу жұмыстарын жүргізу, техникалық реттеу және құрылыс мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді және бақылайды.
Айдос Оңғарбайұлы Қазақ ұлттық техникалық университетін "металлургиядағы физика-химиялық процестер" мамандығы бойынша үздік бітірген. 2010 жылы оған техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2012 жылдан бастап "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жүйесінде. Әр жылдары Семізбай кенішінің директоры, геологиялық-геотехнологиялық бөлімнің бастығы, "Семізбай-U" ЖШС Өндірістік-техникалық басқармасының бастығы, "КАТКО" БК" ЖШС инженер-механигі, инженер-технологы, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ аға оқытушысы, И. А. Онаев атындағы орталықтың ғылыми жетекшісінің орынбасары.
Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ
Қожахметова Ләззат
Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ
HR саласында 20 жылдан астам жұмыс істейді. Алғашқы білімі бойынша мұғалім және бұл мамандықты да кездейсоқ таңдамаған. Ләззат Тұрсынқызы қашанда әлеуметпен жұмыс істеп, адамның жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ жеке даму процестерін зерттеп, түсінгісі келген болатын.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰК" АҚ-да 2004 жылдан бері жұмыс істейді. "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры позициясында компанияның қажеттіліктерін ескере отырып, оған мамандар даярлау, персоналды дамыту және уәждеу, кадрлық есеп мәселелері бойынша департаменттің қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асырады.
АҚ ғылыми орталығының бастығы "Үлбі металлургия зауыты" АҚ
Қылышқанов Манарбек
АҚ ғылыми орталығының бастығы "Үлбі металлургия зауыты" АҚ
Ғылыми орталық заманауи материалдық-техникалық база мен жоғары білікті персоналға ие бола отырып, өз қызметін Қазақстанның дамуында атом өнеркәсібінің ғылыми-техникалық әлеуетін толыққанды пайдалану үшін жүзеге асырады.
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Өңірлік менеджмент академиясының академигі. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "физика" мамандығы бойынша, "ядролық физика" мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Kingston University-де MBA бағдарламасы бойынша оқуды аяқтады, оған іскерлік әкімшілендіру магистрі академиялық дәрежесі берілді.
1993 жылдан 2018 жылға дейін жоғары білім беру жүйесінде жұмыс істеді. Тағылымгер-оқытушыдан профессорға дейінгі жолдан өтті. 15 жылдан астам Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кафедра меңгерушісінен ректорға дейін басшылық қызметтер атқарды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. 200-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 150-ден астам ғылыми жұмыстың, 10 оқу құралы, 10 авторлық куәлік, 5 монография, импакт-факторлы ғылыми журналдарда 10-нан астам жұмыстың авторы. Thomson Reuters және Scopus бойынша Хирш индексі 5-ке тең.
Қылышқанов Манарбек Қалымұлы:
– 2018 жылдан бастап Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің сарапшысы; – 2018 жылдан бастап ҚР Ұлттық ғылыми кеңесінің мүшесі; – "Үздік адамдар" дипломанты, Халықаралық энциклопедия, Мәскеу, 2013 ж.; – Жас ғалымдарды қолдауға арналған Қазақстан Республикасы Президенті грантының иегері, 2002 ж.; – 50 – ден астам халықаралық ғылыми симпозиумдар мен конференциялардың қатысушысы; – "ЖОО-ның үздік оқытушысы-2006", "ЖОО-ның үздік оқытушысы-2017" грантының екі дүркін иегері. – "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталған, 2014 ж.