Бизнес-кейс - бұл кезеңде үміткер онлайн-режимде ситуациялық, экономикалық, әлеуметтік және бизнес-оқиғаларды шешеді. Бұл бағалау құралы үміткердің ауқымды деректер көлемімен жұмыс істеу қабілетін анықтауға, стильді таңдау және ойлау жылдамдығын бағалауға, негізгі мәселелерді қосалқы мәселелерден ажырата алу қабілетін және белгілі бір салада жұмыс істеу дағдысын, сондай-ақ тосын шешім қабылдау мүмкіндіктерін анықтауға арналған.
Бұл кезеңде үміткерлерге жұмыс істеу қабілетін бағалау үшін 2 тест тапсыру ұсынылады:
«Сандық ақпаратты талдау» тесті - үміткердің күрделі сандық, кестелік және графикалық ақпаратпен тиімді жұмыс істеу, барлық құрамдас факторларды жүйелі талдау және жалғыз дұрыс шешім табу қабілетін бағалауға бағытталған.
«Вербалды ақпаратты талдау» тесті - үміткердің күрделі мәтіндік ақпаратты талдау, себеп-салдар байланыстарын анықтау және оқылғанның негізінде дұрыс логикалық қорытынды жасау қабілетін бағалауға бағытталған.
Ағылшын тілін білу тесті - тілдің базалық білімін үш салада бағалауға мүмкіндік береді: грамматика, сөздік қоры және оқу.
Топтық жаттығу - барысында топтағы мәселені бірлесіп шешу жағдайы құрастырылады. Топ 4-тен 8 адамға дейінгі болуы мүмкін. Байқауға болатын құзыреттілікке байланысты бөлінген (әр үміткер жеке нұсқаулық алады) немесе бөлінбеген рөлдермен жаттығулар қолданылады (барлық қатысушылар үшін нұсқаулар бірдей).
Бұл әдіс адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, ортақ мақсатқа жету үшін өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, өз ұстанымдарын қорғау және бірлескен алқалы шешімдер қабылдау қабілеттерін анықтау және бағалау үшін қолданылады.
Құзыреттіліктер бойынша сұхбат - үміткердің әртүрлі жағдайға қарай нақты мінез-құлқын толық талдап, нақты тәжіибесін бағалауға бағытталған. Ашық қойылатын сұрақтар әдетте толық жауап алуды көздейді және көп жағдайда «Есіңізде ме ...», «... мына жағдайда не істегеніңізді айтып беріңізші» және т.с.с. сөздермен басталады.
Жеке сауалнама күнделікті жұмыс іс-әрекетінде адамның әдеттегі немесе таңдаулы мінез-құлқын қалыптастыратын жеке қасиеттерді бағалауға арналған.
Мотивациялық сауалнама қызметкердің жұмыстағы мотивациясына әсер ететін және оны өз міндеттерін орындау үшін барынша күш салуға итермелейтін факторларды анықтауға арналған.
Мотивациялық эссе - бұл еркін нысандағы хат. Үміткер келесі тармақтар туралы айта алады:
Тапсырма - басқа үміткерлер арасынан тек сізді таңдауға қабылдау комиссиясының көзін жеткізу.
Панельдік сұхбат - бұл бір кандидат пен байқау комиссиясы мүшелері қатысатын сұхбат.
Байқау комиссиясы - байқауды өткізу шарттарына сай жеңімпаздарды анықтайтын алқалық орган.