Бағдарлама туралы

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Іzbasar жас мамандарды дамыту бағдарламасы 2020 жылы "Самұрық-Қазына" АҚ негізін қалаған "Жас Өркен" жобасы аясында жоғары оқу орындарының үздік және талантты түлектерін тарту және оларды кейіннен Қор компанияларында жұмысқа орналастыру үшін құрылды.

Бағдарламаның мақсаты:

жас мамандарды кәсіби дамыту

«Izbasar» бағдарламасы дегеніміз:

Жұмыс істей жүріп оқу. Бағдарлама "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ компаниялар тобында 5 айдан тұратын 3 ротацияны қамтиды
Жеке-іскерлік және кәсіби құзыреттерді дамыту жөніндегі сарапшылардан ротация аралық білім алу
Атом саласының тәжірибелі басшылары мен үздік сарапшылары қатарынан жеке тәлімгерлермен жұмыс істеу
Бағдарлама кезінде жол жүру және тұру ақысын қоса алғанда, ротация шеңберінде ақы төленетін тағылымдамадан өту мүмкіндігі
Сәтті өткен жағдайда жұмысқа орналасу.

2024 жылғы бағдарламаға үміткерлерді қабылдау

2024 жылдың 31 мамырынан 04 шілдесіне дейін

Іріктеу кезеңдері және қатысушыларға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат осы жерде берілген