«ҰАК» АҚ-дағы бірінші ротация кезінде ол Карлсруэ технологиялық институтымен (Германия) бірлесіп, берилий интерметаллидтерірің қосылыстарын өндіру технологиясын әзірлеу жобасына қатысты. Екінші айналымды «Волковгеология» АҚ-да геология, геофизика және радиоэкология департаментінде өтуде.
Магистр дәрежесін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде алған.
«Өтініш беру кезінде мен магистратураны бітіріп, өзімнің мүмкіндіктерімді, оқу барысында алған дағдыларымды іске асырудың мүмкіндіктерін іздедім. Қатысуымның екінші себебі - осы бағдарламадан жаңадан не біле алады екенмін деп ойладым. Өршіл, ынталы адамдармен кездескім келді. Екі басты себеп осылар», - дейді Саян.
Саян үшін іріктеу қиын болып көрінген, әсіресе екінші турдан кейін.
«Сарапшылардан өз мүмкіндіктерім жайында және олардың мені қалай бағалайтынын, жалпы мен не білетінімді сынау қызықты болды. Менің басты мақсатым - финалист әрі жеңімпаз болу еді», - деді жас маман.
Келесі ағымның қатысушыларына Саян сынақтардан қорықпай, қиындықтарға мойымай, қатысудан бас тартпауға кеңес береді. Сонымен бірге, не үшін талпынып, қай бағытпен жүріп бара жатқаныңызды бақылау маңызды екенін айтады. Саян өз мақсатыңызға адал болып, оған жету үшін талаптаныңуызға тілектес.