Жиі қойылатын сұрақтар

Неше жасқа дейінгі жас маман?
Бағдарламаға 30 жасқа дейінгі жас мамандар қатысады.
Ізбасар бағдарламасының 4-ші ағымға конкурстық іріктеуіне қатысу үшін қандай құжаттарды ұсыну керек?
Жобаға қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет: - Жеке куәлік, - жоғары білім туралы диплом, - Түйіндеме, - Басшының ұсыныстары / Профессордан ұсыныстар
Ізбасар бағдарламасы аяқталған соң, қатысушыға жұмысқа орналасу кепілділігі беріледі ме?
Қатысушының бағыты мен құзыретіне сай келетін бос орындар болған жағдайда жұмысқа орналасу мүмкіндігі болады. Қатысушы қызметкер болса, бағдарлама аяғына өз жұмыс орнына қайтады.
Ротацияның шарттары қандай (жалақы, тұрмыстық шығындар және т.б.)
Ротация шеңберінде таңдалған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын Компания өңірлерден (ротациялау орындарын) төлейді, тұру және жол жүру шығындарын өтейді.
Izbasar бағдарламасының іріктеу байқауына қатысуға қандай құжаттар ұсыну керек?
Izbasar бағдарламасында тіркелу үшін, жеке куәлік және бакалавриат немесе магистратура бағдарламасын бітіргені туралы диплом png, jpg, pdf нұсқада қажет.
Өтінім қай тілде толтырылуы тиіс?
Өтінім үміткердің қалауына қарай, қазақ немесе орыс тілдерінде толтыруға мүмкіндігі бар.
Мен осы немесе басқа кезеңнен өткенімді қалай білемін?
Әр кезеңнің нәтижелері www.izbasar.kazatomprom.kz сайтында барлық кезеңдердің кестесіне сәйкес жарияланады. Сайт парақшасын және Facebook және Instagram @izbasarprogram әлеуметтік желілеріндегі жарияланымдарды қадағалап отырыңыздар.
Бағдарлама қатысушыларының қандай шығындары өтеледі?
Бағдарлама финалистеріне ай сайынғы жалақы төленеді, өтетін жерге дейінгі жолақысы мен тұрғылықты шығындары төленеді.
Бағдарлама финалистері айналымнан өту үшін қай өңірлерге жіберілуі мүмкін?
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ Компаниясы Қазақстанның бірқатар өңірінде, соның ішінде Астана, Алматы, Өскемен қалаларымен Ақмола, Түркістан және Қызылорда облыстарында орналасқан.