Жиі қойылатын сұрақтар

Неше жасқа дейінгі жас маман?
Бағдарламаға 30 жасқа дейінгі жас мамандар қатысады.
Ізбасар бағдарламасының 4-ші ағымға конкурстық іріктеуіне қатысу үшін қандай құжаттарды ұсыну керек?
Жобаға қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет: - Жеке куәлік, - жоғары білім туралы диплом, - Түйіндеме, - Басшының ұсыныстары.
Ізбасардағы барлық ротацияларды аяқтағаннан кейін қызметкер ҚАП-қа жұмысқа орналаса ма? Әрі қарайғы жұмысқа кепілдік беріледі ме?
Қызметкер бұрынғы жұмысына қайтады
Ротацияның шарттары қандай (жалақы, тұрмыстық шығындар және т.б.)
Ротация шеңберінде таңдалған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын Компания өңірлерден (ротациялау орындарын) төлейді, тұру және жол жүру шығындарын өтейді.
Izbasar бағдарламасының іріктеу байқауына қатысуға қандай құжаттар ұсыну керек?
Izbasar бағдарламасында тіркелу үшін, жеке куәлік және бакалавриат немесе магистратура бағдарламасын бітіргені туралы диплом png, jpg, pdf нұсқада қажет.
Өтінім қай тілде толтырылуы тиіс?
Өтінім үміткердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде толтырыла алады.
Мен осы немесе басқа кезеңнен өткенімді қалай білемін?
Әр кезеңнің нәтижелері www.izbasar.kazatomprom.kz сайтында барлық кезеңдердің кестесіне сәйкес жарияланады. Сайт парақшасын және Facebook және Instagram @IzbasarProgram әлеуметтік желілеріндегі жарияланымдарды қадағалап отырыңыздар.
Бағдарлама қатысушыларының қандай шығындары өтеледі?
Бағдарлама финалистеріне ай сайынғы жалақы төленеді, өтетін жерге дейінгі жолақысы мен тұрғылықты шығындары төленеді.
Бағдарлама финалистері айналымнан өту үшін қай өңірлерге жіберілуі мүмкін?
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ Компаниясы Қазақстанның бірқатар өңірінде, соның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен қалалары мен Ақмола, Түркстан және Қызылорда облыстарында орналасқан.