Бұл кезеңде үміткер бағдарламаның ресми сайтында жеке ақпаратын толтырады.
Сондай-ақ профайлды толтыру кезінде үміткерге мыналар қажет:
Үміткерден ситуациялық, экономикалық, әлеуметтік және бизнес-жағдайлардағы бизнес-кейсті онлайн-режимде шешу талап етіледі. Бұл бағалау құралы үміткердің көптеген мәліметпен жұмыс істеу қабілетін, стиль мен жылдамдығын бағалауға, ең бастысы – белгілі бір салада жұмыс істеу дағдыларына, сондай-ақ тосын шешімді қабылдауға арналған.
Бұл кезеңде үміткерге жұмыс істеу қабілетін бағалау үшін 2 тест тапсыру ұсынылады:
«Сандық ақпаратты талдау» тесті - үміткердің күрделі сандық, кестелік және графикалық ақпаратпен тиімді жұмыс істеу қабілетін бағалауға, барлық компоненттерді жүйелі түрде талдауға және жалғыз дұрыс шешім табуға бағытталған.
«Вербалды ақпаратты талдау» тесті - үміткердің күрделі мәтіндік ақпаратты талдау, себеп-салдарын анықтау және оқыған кезде дұрыс логикалық қорытынды жасау қабілетін бағалауға бағытталған.
Бұл кезеңде үміткер сұхбат берушімен онлайн сұхбатқа шақырылады.
Сұхбат барысында үміткерлер нақты жағдайларда қалай әрекет ететініне мысал келтіріп, осы арқылы талап етілетін мінез-құлықтың бар-жоғын көрсетеді. Бұл компанияда сәтті жұмыс істеуге қажет біліктілікті анықтауға мүмкіндік береді.
Топтық бағалау кезеңі аясында үміткерлер аталған кезеңде рөлдік ойынға қатысады және мотивациялық сауалнамадан өтеді (Zoom платформасында онлайн арқылы).
Рөлдік ойын – бұл қатысушылар арасында бөлінген рөлдерге негізделген жағдаятты модельдеу. Бағалануы тиіс құзыреттерге байланысты әрбір үміткерге жеке рөл сипаттамасы беріледі. Ойын сценарийі бақылаушыларға негізгі мінез-құлық көрсеткіштерін анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылған.
Бұл әдіс келесі дағдыларды бағалау үшін қолданылады:
Рөлдік ойын аяқталғаннан кейін, үміткерлер мотивациялық сауалнамадан өтуге шақырылады.
Сауалнама үміткер туралы қосымша ақпарат береді, оның жұмыс орнындағы мотивациясына әсер ететін факторларды анықтауға көмектеседі және жоғары нәтижелерге жету үшін қандай ынталандырулар әсер ететінін көрсетеді.
Бұл сұхбатқа үміткер мен бағдарламаның конкурстық комиссиясы қатысады.