Екінші лектің жас маманы. STEM бизнес-мектебінің және Алматыдағы Тұран университетінің "Әлемдік экономика" мамандығы бойынша түлегі, сондай-ақ Польшадағы Жоғары Экономика мектебінде "Халықаралық бизнес" бағдарламасы бойынша және Шанхай политехникалық университетінде "Қытай мәдениеті және тілі" бағдарламасы бойынша семестр оқыған. Бос уақытында ол белсенді спорт, йогамен айналысқанды, психологияны зерттеуді ұнатады. Өтінім берген сәтте бизнес-әкімшілендіру және жобалық менеджмент саласындағы жұмыс тәжірибесі болды.
Айдана өзінің алғашқы ротациясын адами ресурстарды басқару департаментінде бастады. Ротация кезінде ол жұмыс берушінің брендін дамыту бағдарламасын әзірлеуге және әлеуметтік тұрақтылықты талдауға қатысты. Әріптестерімен бірге кәсіпорындар тобында әлеуметтік пакеттер бойынша стандарттарды енгізуді жүзеге асырды. Операциялық міндеттерден басқа, ол жас студенттердің мансаптық жолына түсер алдында оларды қолдау үшін директорлардың ЖОО - ға көшпелі іс-шаралар бағдарламасын ұсынды және іске асырумен айналысты. Айдана өзінің коммуникативтік дағдыларын корпоративтік іс-шаралар мен коммуникацияларды ұйымдастыру кезінде көмек көрсету үшін белсенді пайдаланады.
Айдана атап өткендей, конкурстық іріктеуде оған рөлдік ойын кезеңі қатты ұнады, ол бұл үміткердің эмоциялық зиятының деңгейін бағалаудың тамаша тәсілі деп санайды.
"Өтінім берген сәтте мен Қазақстанда туризмді дамыту жобасын жүргіздім, бірақ бұл мен үшін оңай кейс екенін түсіндім. Ал мен қиындықтарды еңсеріп, күрделі шешімдер тапқанды қаладым. Бастапқыда мен басқа елдердегі жұмыс нұсқаларын қарастырдым, Үрімшідегі CAREC (the Central Asia Regional Economic Cooperation) тұрақты даму бөлімінің оқытушы - жетекшісінен жұмыс туралы ұсыныс алдым, сондай-ақ БАӘ-де жұмыс істеу нұсқаларын қарастырдым. Қазатомөнеркәсіпке іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен кезде, өзім үшін бір белгі деп санадым. Қазақстанда мемлекет тарапынан түрлі гранттық оқу бағдарламаларынан кейін жұмыс істеу менің алғысым және елімізге қосқан үлесім болады. Оның үстіне "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-әлемдік деңгейдегі компания, уран өндіру бойынша көшбасшы және өз істерінің кәсіби мамандары шоғырланған кәсіпорын. Мен бұл таңдауға өте қуаныштымын, өйткені қазір тәлімгерлер және әріптестермен жұмыс істей отырып, керемет тәжірибе мен білім ала отырып, компанияның жас мамандардың әлеуетін дамытуға барын салатынын түсінемін, бұл үшін мен өте ризамын", - деп бөлісті Айдана.
Izbasar бағдарламасының екінші легінің жас маманы. Қарағанды техникалық университетінің "Электр энергетикасы" мамандығы бойынша түлегі.
Бірінші ротацияда "РУ-6" ЖШС-не, бас механик бөліміне жіберілді. Ротация процесінде ол дизель отынын есепке алу базасын автоматтандырып, қазіргі уақытта ол компрессорлық айдау үшін кабель желісін салуды өзгерту жобасын әзірлеп жатыр.
"Мен жобаға үш себеп бойынша қатысуға шешім қабылдадым. Біріншісі- өз күшімді сынап, жас маман ретінде қаншалықты бәсекеге қабілетті екенімді білгім келді. Екінші-жоба түрлі еншілес компаниялар мен қызмет бағыттарында өзінің жеке және кәсіби дағдыларын дамытуға бірегей мүмкіндік береді. Үшінші-мен үшін үлкен команданың бір бөлігі болу, ірі ұлттық компанияның дамуына өз үлесімді қосу маңызды".
Мен үшін конкурстық іріктеудің ең қызықты кезеңі командалық жұмыс болды. Шығыны көп компанияны дағдарыстан шығарудың жолын табуымыз керек болды. Біздің әрқайсымыз әртүрлі нұсқа ұсынып, бір шешіиге келуіміз керек болды, команда бұл тапсырманы табысты орындап шықты.
Келесі ағымға мен ештеңеден қорықпауды, үнемі дамуды, мақсатыма жетуді және қандай жағдай болмасын ешқашан мойымау керек дегім келеді!"- деп ойын білдірді Әлихан.
Томск политехникалық университетінің "Ядролық физика және технологиялар" мамандығы бойынша түлегі. Оқу барысында заттарды бөлу және ұсақ тазарту тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Бағдарламаға іріктеуден өту кезінде атом өнеркәсібінде жұмыс тәжірибесі болды және "Үлбі металлургия зауыты" АҚ Қазатомөнеркәсіптің портфельдік компаниясында жұмыс істеді.
Алғашқы ротация "Инкай" БК" ЖШС - де өтті. Ротация кезінде уран өндіру және қайта өңдеу процестерімен толық танысты. Қазіргі уақытта тәлімгердің басшылығымен және қызметкерлердің қолдауымен "Инкай" уранды қайта өңдеу процестерін зертханалық зерттеулермен айналысады.
"Бағдарламаның бар екенін білген соң, мен оған қатысуға және біздің саламыздың түрлі кәсіпорындарында үлкен жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін жіберіп алмауға міндеттімін деп шештім. Іріктеу мен үшін өте қызықты болды. Әрбір жаңа кезең оң эмоциялар қалдырды. Өткен жолыма қарап отырып, ең дұрыс шешім қабылдадым деп сенімді түрде айта аламын",- дейді Алмас.
Izbasar бағдарламасының екінші легінің жас маманы. Nazarbayev University-нің "Электр энергетикасы және компьютерлік инженерия" мамандығы бойынша магистратура түлегі. Ол первоскитті күн панельдерін зерттеумен айналысып, кітап оқуды және жүгіруді жақсы көреді.
Бірінші ротацияға "Инкай "БК" ЖШС, энергия-механикалық бөліміне жіберілді. Жұмыс барысында Microsoft Power BI бағдарламалық жасақтамасы арқылы отынды есепке алуды автоматтандырды. Сондай-ақ, ол толық тарату құрылғысын орнату жобасына қатысты.
"Мен бұл бағдарламаға бірнеше себептер бойынша қатысуға шешім қабылдадым: 1. Байқаудың ашықтығы: ол бірнеше кезеңнен тұрды және нәтижелері сайтта жарияланды. Мен үшін қатысушының әділ бағалануы өте маңызды болды. 2. Өзіңізді жаңа салада сынап көру мүмкіндігі. Мен жұмыс тәжірибесі жоқ түлекпін, ал компанияда сол тәжірибені жинауға және барлық бағыттар бойынша өзіңіді дамытуға мүмкіндік беріледі. 3. Орта. Іріктеу кезеңдерін көргенде, өткен қатысушылар-құзыретті, саналы адамдар деп ойладым, сондай-ақ олардың қатарында болып, олармен достасқым келді.
Іріктеу қатал болды, әр кезеңге жақсылап дайындалуға кеңес беремін. Бұл бағдарлама өз әлеуетін іске асырғысы келетін және өз қасиеттерін дамытқысы келетін түлектер үшін өте қолайлы".
Келесі лектің қатысушыларына Баян барлығымен белсенділік танытып, алға жылжуды, өз мақсатына жетуді және адам болып қалыңыздар деген деген тілек білдіреді.
Izbasar бағдарламасының екінші легінің жас маманы. Швейцарияның Санкт Галлен қаласындағы мектепті бітіріп, жоғары математика мен экономиканы (A-Level) оқыды, содан кейін King ' s College London (Ұлыбритания) университетінде халықаралық даму саласындағы бакалавр дәрежесін алды (экономикалық және гуманитарлық дағдарыстарға, инновацияларға және тұрақты дамуға маманданған). Imperial College London магистратурасында инновациялар мен менеджментті зерделеу туралы ұсыныс алды (QS World University Rankings 2022 университеттер рейтингінде әлемде 7-ші орын алады). Бос уақытында ол криптовалюта саудасын зерттеп, медитациямен, ас пісірумен айналысады, ғылыми фантастикаға қызығады.
Бірінші ротацияда ол "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-тың нарықты және бағаның қалыптасуын зерттейтін маркетинг департаментіне жіберілген. Ротация кезінде сату департаментінің әріптестерімен бірлесіп, олар Қазатомөнеркәсіптің Басқармасы мен Директорлар кеңесінің қарауына бірнеше жобаны сәтті тапсырды. Жұмыс барысында Диляра келісімшарттар мен басқа да құжаттарды дайындауға қатысты, ЕТҰ үшін бағаларды есептеуді жүргізді, сондай-ақ іс жүзінде Қазатомөнеркәсіптің барлық департаменттерімен өзара іс-қимыл жасады.
"Бағдарламаға құжат тапсыру сәтінде жылжымайтын мүлік және тұрақты "жасыл" бизнес саласында жұмыс тәжірибем бар болатын. Мен бағдарламаға жаңа білім алу, өнеркәсіп саласында және энергетика саласындағы корпоративтік жүйеде тәжірибе алу мақсатымен қатысамын деп шешім қабылдадым. Конкурстық іріктеу мен үшін қиын емес, бірақ өте қызықты болды. Кезеңдер арасында маған рөлдік ойын және командалық жоба ұнады, онда мен өзімнің басқалармен тіл табысу және көшбасшылық сияқты қабілеттерімді көрсете алдым. Қазақстанның тұрақты дамуындағы атом саласының рөлі туралы адамдардың хабардарлығын арттыру мен үшін ұзақ мерзімді жоспар болып табылады", - дейді Диляра.
Izbasar бағдарламасының екінші легінің жас маманы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Әлемдік экономика" мамандығы бойынша түлегі, "Жобаларды басқару" мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі. Білім беру саласында жұмыс тәжірибесі бар. Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-Экономика және бизнес Жоғары мектебінде оқытушы болып жұмыс істеді.
"РУ-6" ЖШС ротация кезінде Салтанат экономика және жоспарлау бөлімінің жұмысын зерттеп, операциялық міндеттермен айналысты және бір мезгілде жобалармен жұмыс істеді. Тәлімгермен бірге олар бөлімнің жұмыс процесіне Excel бағдарламасындағы УП құралын қолдана отырып жобалық басқаруды енгізді. Сондай-ақ, Салтанат ТНРО тасымалдауды оңтайландыру және жетілдіру бойынша жоба бойынша жұмыс істеді. Күнделікті жұмыс пен жобалардан басқа, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орайластырылып ұйымдастырылған "Не?, Қайда?, Қашан?" зияткерлік ойынын ұйымдастырушылардың бірі болды. Компания орналасқан өңірлердің елді мекендерінде орналасқан мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін көшбасшылық әлеуетті дамыту бойынша онлайн-лагерьде спикер ретінде қатысты.
Салтанаттың кейсі өте тамаша, өйткені бірінші ротацияның екінші жартысын ол тәлімгерінің жұмысының ауысуына байланысты "ТТК" ЖШС-те өткізген. Бір ротация кезінде екі кәсіпорында бірден тәжірбие жинап алды. ТТК-да ол "РУ-6" ЖШС тағылымдамадан өту кезінде әзірленген көлік беру процесін цифрландыру жүйесі SmartD TTK жобасын таныстырды.
"Менің "Ізбасар" бағдарламасына қатысуымның негізгі мақсаты – әлемдік уран өндірісіндегі көшбасшы еліміздің ұлттық атом компаниясының бір бөлігі болу, компанияның дамуына үлес қосу және жинақталған теориялық білімді нақты өндірістік практикада қолдану. Бағдарлама жас мамандарға өз ісінің кәсіпқойларымен өзара іс-қимыл жасай отырып және олардан жаңа білім мен дағдылар ала отырып, ірі компанияда мансап жолын бастауға тамаша мүмкіндік береді. Қазір мамандықта қалу үшін үнемі жаңа технологияларды меңгеріп, қосымша білім алу, икемді дағдыларды немесе soft skills деп аталатын дағдыларды игеру, яғни командалық жұмысты ұйымдастыру, өз уақытын басқару, стандартты емес шешімдерді табу қажет.- ",- деп ойын білдірді Салтанат.
Izbasar бағдарламасының екінші легінің жас маманы. "Технологиялық машиналар және жабдықтар" мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде үздік аяқтады. Студенттік жылдары ғылыми конференцияларға, жобаларға, зерттеулер мен әзірлемелерге белсене қатысты, мұны халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланымдар растайды. Бос уақытта футбол ойнап, киберспортқа қызығады, жаяу жүрумен айналысады.
Бірінші ротацияға "Инкай "БК" ЖШС-не, Жөндеу-механикалық бөліміне жіберіліп, онда "Кәсіпорын қорларын тиімді пайдалану құралы ретінде батырымалы сорғы агрегаттарының жөндеу процесін стандарттау және болжау" жобасы бойынша жұмыс істей бастады.
"Бағдарламаға бірнеше себептер бойынша қатысты. Біріншіден, бұл ондаған жылдар бойы дамыған ең жақсы халықаралық корпоративтік тәжірибелер шоғырланған үлкен компанияда жұмысқа орналасу мүмкіндігі. Менің ойымша, жақсы корпоративті мектептен өту - мансапық өсудің іргетасы. Екінші кезекте, бағдарламаның мазмұны, атап айтқанда, тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен ротациядан өту мүмкіндігі. Бұл кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуде және ауқымды практикалық тәжірибе алуда артықшылық деп санаймын. Үшіншіден, бұл компанияның мақсаттарына қол жеткізуге жеке үлес қосу мүмкіндігі", - дейді Тимур.
5 кезеңнен тұратын конкурстық іріктеу жас маманға қызықты және тартымды болып көрінді. Тимур сандық және вербалды ақпаратты талдау бойынша тесттен өту кезінде жоғары нәтижелер көрсетті. Панельдік сұхбат Тимур үшін ең қызықты және қиын болды, бірақ дұрыс дайындық пен сенімділік оған іріктеудің соңғы кезеңінен өтіп, жеңімпаз болуға көмектесті.
"Бағдарламаға қатысу мақсатын және жобада жұмыс істеу кезінде қандай ресурстар қажет болатынын нақты түсіну керек. Болашақ қатысушыларға әр кезеңге дұрыс дайындалуды және өз қабілеттеріне сенімді болуды ұсынамын. Izbasar-болашаққа қадам!",- деп пікірімен бөлісті Тимур.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Rhein-Waal University of Applied Sciences түлегі, мамандығы- "Тұрақты даму менеджменті". Деректерді талдау және project management дағдыларын меңгерген. Оның алғашқы ротациясы "Семізбай-U" компаниясында, өндіріс бөлімінде басталды. Алғашқы жобалары - ТМҚ жеткізілімдерін басқаруды және ҒЗТКЖ-ның есептік қызметін оңтайландыру.
"Мен экономикалық бағытта оқыдым. "Семізбай-U" ротациясына дейін уран өндіру индустриясымен таныс болған емеспін. Ротация басталғаннан басқа әлемге тап болғандай күйде болдым. Мен техникалық білімді меңгеріп, уран өндіру үдерістерін үйреніп жүрмін. Менің ойымша, қазіргі заманғы маманның бойынща әмбебап дағдылар болуы керек: hard skills, soft skills, technical education. Бұл уақыт пен алып отырған орныңа қарамастан еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді. Izbasar бағдарламасы дағдыларды барлық жағынан дамытуға және компанияда болашақ маманның өзін кім ретінде көретінін анықтауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама маған Қазатомөнеркәсіптің қызметімен танысуға тамаша мүмкіндік берді. Күн сайын мен жаңа білімге ие болып, дамуға деген ынтам күшейе түседі. Сондай-ақ, қызмет бағытын таңдау мүмкіндігін атап өткім келеді. Бұл бағдарлама- университетті бітіргеннен кейін маманның қалыптасуындағы маңызды қадам.- ",- деп бөлісті Торе.